Ақтөбе-2012 республикалық “Жас Қыран” турнирінде бірінші орын алды

19.Oct.2021

2012 жылғы түлектер арасында Тараз қаласында өткен республикалық жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысты.

Топтық кезеңде Қуанышбек Орынтаев және Нұрбол Жұмашев баптайтын біздің команда алғашқы ойында Таразды 10:2 есебімен жеңді. Екінші ойында Талдықорған командасын 5:0, кейін Оңтүстік Академиясын 3:1 есебімен ұтып ширек финалда Тараз-1 ұжымын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Жартылай финалда қостанайлық Тобылдағы қарсыластарын жас өрендеріміз ұтқаннан соң, ақтық бәсекеде Астананы жеңіп жарыс жеңімпаздары атанды.

Турнирдің үздік жартылай қорғаушысы болып ақтөбелік Есентүгел Хасан танылды.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі