Андрей Карпович — 2022 жылғы ҚПЛ үздік бапкері

28.Nov.2022

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылдан бастап Леонид Остроушко атындағы сыйлықты маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік бапкеріне табыстауды ұсынды.

2022 жылғы маусымда бұл марапатты Андрей Карпович жеңіп алды. Карпович бір жыл ішінде «Қызыл-Жар СК» және «Ақтөбе» клубтарында жұмыс істеп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Андрей Владимирович маусым, тамыз және қыркүйек айларында әріптестері арасында өткен сауалнамада жеңіске жетіп, бір жыл ішінде 3 рет айдың үздік бапкері атанды.