Арман Кеңесов: “Жанкүйерлердің энергиясы бізді бүгін жеңіске итермеледі”

07.Nov.2022

“Ақтөбенің” ойыншысы “Қайратпен” өткен кездесу (4:1) жайлы әсерімен бөлісті.

— Шынымды айтсам, екіұдай сезімде тұрмын: бір жағынан матчты ұттық, екінші жағынан, өкінішке қарай, чемпионатты ұта алмадық. Біріншілікте “Ақтөбе” үшін алғашқы гол салғаныма өте қуаныштымын. Командаластарыма маусым үшін рақмет. Жалпы биыл “күмістен” де зор нәтижеге лайық едік деп ойлаймын. Бірақ іс жүзінде тек екінші орын ғана алдық. Алла қаласа, болашақта дамып, нәтижелерімізді жақсарта түсеміз деп сенемін.

— “Қайратты” 7 жыл ұта алмай келген едік. Бүгін ненің арқасында жеңе алдық деп ойлайсың?

— Әрине, біздің жанкүйерлердің арқасында. Олардың энергиясы бізді жеңіске итермеледі. Қолдауларына жеңіспен жауап қаттық деп санаймын.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі