Көп рақмет, құрметті Оңдасын Сейілұлы!

31.Aug.2022

Ақтөбе” соңғы жылдары көп қиындықты бастан өткергені белгілі. Сан миллион қарызға толы қаржылық ауыртпалықтар мен Бірінші лигаға құлдырау да болды. Алайда өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің тікелей қолдауының арқасында 2020 жылы “Ақтөбе” Қазақстан Премьер-лигасына қайта көтеріліп, оралғаннан кейінгі екінші маусымында турнирлік кестенің бірінші орнында келеді. Облыс басшылығының демеуімен Қазақстанның бес дүркін чемпиондары ешқандай борышсыз қазіргі таңда сенімді түрде алтыншы мәрте жеңімпаз атануға қадам басуда.

Қаламызда өскелең ұрпақ үшін жаңа Балалар футбол академиясының салынуын да, Орталық стадионымыздың реконструкциядан өтуін де бастама етіп көтерген Оңдасын Сейілұлы болатын.

4 жыл уақыт бойы Ақтөбе облысының әкімі болған Оңдасын Оразалин “Ақтөбе” футбол клубының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін зор алғыс білдіреміз және ілгергі мемлекеттік мансабына мол табыстар тілейміз!

“Ақтөбе” ФК ұжымы