Булатов — «Ақтөбе» ШФК ойыншысы

31.Jan.2022

28 жасар жергілікті футзалшы Руслан Булатов «Ақтөбе» шағын футбол клубымен келісім-шарт жасасты.

Руслан Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тумасы. Біздің ұжымға дейін Булатов ақтөбелік «Інжу» және «Рахмет» клубтарының намысын қорғаған.

Олардан бөлек, шымкенттік №7 БЖСМ, «Атырау», рудныйлық «Аят» және оралдық «Бәйтерек» сапында доп тепкен. Биылғы маусымда 14 ойын өткізіп, 7 гол салған.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі