Назар аударыңыз!

16.Jun.2022

«Ақтөбе» футбол клубы мен «Ақтөбе мектеп лигасы» ҚҚ қолдауымен 2022 жылдың 17 маусымында сағат 19:00-де үлкен футболдан Ақтөбе қаласының жоспарланып отырған Ашық чемпионатына байланысты жиналыс өтеді. Күн тәртібіне чемпионаттың регламенті, турнирдің қаржылық бөлігі және т.б. мәселелер енгізіледі.

Кездесу «Ақтөбе» ФК кеңсесінің баспасөз залында (2-қабат) өтеді. Жиналысқа қала командаларының өкілдерін және чемпионатқа қатысуға мүдделі барлық тұлғаларды шақырамыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі