Желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланды.

21.Jun.2021

2021 жылғы 18 маусымда бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде “Ақтөбе” ФК-ның ақшасы таусылғаны туралы, және енді клуб басшылығы футболшыларға маусым айына не төлейтінін білмейді деген жалған ақпарат жарияланды.

Осыған байланысты “Ақтөбе” футбол клубы ресми түрде бұл ақпараттың жалған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қыл­мыс­тық жауаптылық барын, тіпті бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз.

Құрметті жанкүйерлер, біздің клубтың ресми дерек көздеріне ғана сенуіңізді сұраймыз.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі.