«Ақтөбе» түлектері қола жүлдегер атанды

09.Dec.2021

30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ембі қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай жарыс ұйымдастырылды.

Мұғалжар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ақтөбе» ФК филиалдарының облыстық ашық турниріне 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Аудандағы БЖСМ спорт залында өткізілген додада «Ақтөбе-2013» тәрбиеленушілері ембілік және Алғадағы 2012 жылғы жастарға ғана есе жіберіп, үшінші орынды місе тұтты.

Данияр Сәбитбекұлы Ахмедияр мен Бөкенбай Серікұлы Асланның шәкірттері Ембіде ашылған жаңа спорт кешенінде доп тепкен алғашқы футболшылардың бірі болып тарихта қалды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі