Лаша Тотадзе – «Ақтөбе» футбол клубымен қош айтысты!

23.Jun.2021

«Ақтөбе» футбол клубы маусым басында қосылған Грузия қорғаушысымен екіжақты келісім бойынша еңбек келісімшартын тоқтатты.

Қазақстан Чемпионатында 9 ойын өткізген Лаша Тотадзе ақпан айында «ақ-қызылдардың» қосынын толықтырған болатын.

«Ақтөбе» футбол клубы грузиялық қорғаушы Лаша Тотадзеге өткізген ойындары үшін алғыс білдіреді және өзге клубта табысты өнер көрсетуін тілейді!

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі