Логвиненко, Ерланов және Оразов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

02.Nov.2021

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жария етті.

ҚФФ хабарлағандай, аталмыш тізімге «Ақтөбе» қорғаушылары Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов және жартылай қорғаушы Рамазан Оразов енді.

Аяқдопшылар 7 қараша күні елордаға жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қараша күні «Парк де Пренс» стадионында Франциямен іріктеу матчын ойнайды. Ал 16 қарашада өз алаңында жолдастық кездесу аясында Тәжікстан құрамасын қабылдайды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі