Логвиненко, Ерланов және Оразов ұлттық құрамаға шақырту алды

18.Aug.2021

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қыркүйек айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария етті.

ҚФФ хабарлағандай, аталмыш тізімге «Ақтөбе» орталық қорғаушылары Юрий Логвиненко мен Темірлан Ерланов және жартылай қорғаушы Рамазан Оразов енді. Ақ-қызылдардың тағы бір ойыншысы Максим Федин кеңейтілген тізімнен орын алған.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 1 қыркүйекте «Астана Аренада» Украинаны қабылдайды. 4 және 7 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен және Босниямен ойнайды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі