Логвиненко Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды

26.Dec.2022

Облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсанындағы шешімімен Юрий Логвиненкоға «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

“Ақтөбе” футбол клубының капитанына аталмыш атақты өңір басшысы Ералы Тоғжанов пен облысымызға жұмыс сапарымен келген «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев табыстады.

Сондай-ақ өлкенің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Логвиненкоға бұл атақтың арнайы медалі де тағылды.

Құттықтаймыз!