Наурыздың үздігі марапатталды

17.Apr.2023

Наурыздың үздігі марапатталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ҚПЛ командаларының бапкерлері мен капитандары арасында өткізген дәстүрлі сауалнамасының қорытындысы бойынша үздік деп танылған Максим Самородовқа Сыйлық ресми табысталды.

Наурыз айында «Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Макс үш ойынға қатысып, 4 нәтижелі соққы жасап, ел чемпионатының үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді.