Оралуыңызбен, Константинович

17.Aug.2022



Виктор Тарчило «Ақтөбе» футзал клубының бас бапкері болып тағайындалды.

«Ақтөбе» шағын футбол клубының бас бапкерінің міндетін ол бұған дейін 2020/21 жылғы маусымда да атқарған болатын.

Беларусьтік маман 2020 жылдың күзінде команда тізгінін ұстап, “Ақтөбемен” Қазақстан Кубогінің финалисі, Еуропада үздік 16 команданың бірі және Ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған еді.

Сондай-ақ Виктор Тарчилоның баптауымен біздің командамыз өз тарихында алғаш рет футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жетті.

“Ақтөбе” ФК ұжымы былтыр бас бапкер қызметін атқарған ресейлік маман Андрей Юрьевич Юдинге клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отырып, оған ілгергі бапкерлік мансабында зор табыстар тілейді