Руслан Камболов — қызыл-ақ!

05.Mar.2022

«Ақтөбе» футбол клубы өз құрамын тәжірибелі ойыншымен толықтырды. Бұл жолы 32 жасар ресейлік орталық жартылай қорғаушы Руслан Камболов команданың жаңа ойыншысы атанды.

«Алания» түлегі болып табылатын Русланның мансабында мәскеулік «Локомотив», қазандық «Рубин» және «Краснодар» сияқты белді клубтар болды.

Соңғы маусымын Ресей Премьер-лигасында Камболов тулалық «Арсенал» сапында өткізді. Сондай-ақ ол — жасөспірімдер деңгейінен бастап Ресей ұлттық құрамасына дейін жеткен футболшы.

Жаңа ойыншымызға қызыл-ақ жанұямызға қош келдің дей отырып, оған біздің клубпен бірге үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі