Самородов, Әжімов және Қашкен жастар құрамасына шақыртылды

18.Aug.2021

Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Нұр-Сұлтанда өтетін 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында болатын Дания командасына қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

ҚФФ хабарлағандай, тізімде “Ақтөбенің” жас ойыншылары Максим Самородов, Әлішер Әжімов пен Дінмұхамед Қашкен бар.

Оқу-жаттығу жиыны 28 тамызда Нұр-Сұлтанда басталады. Шақырылған футболшылардың жалпы саны – 25.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – елорда уақытымен сағат 20:00-де.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі