Сердер — «Ақтөбе» ойыншысы!

27.Apr.2022

«Ақтөбе» футбол клубы өз құрамын жаңа футболшымен күшейтті.

Хорватияның «Истра 1961» клубынан 28 жасар вингер Сердер Сердеров бізге жылдың соңына дейін жалға ауысты.

Мәскеулік ЦСКА түлегі болып табылатын Сердердің мансабында ресейлік «Анжи» мен «Енисей» және болгарлық «Славия» мен польшалық «Краковия» сияқты көрнекті клубтар болды.

Соңғы маусымдарын Хорватия және Венгрия чемпионаттарында өнер көрсететін «Интер» мен «Мезекевешд» сапында өткізді. Сондай-ақ ол — жасөспірімдер деңгейінен бастап Ресей жастар құрамасына дейін ойнаған футболшы.

Болгарияда Сердер 12 рет көзге түссе, хорваттың «Интерінде» 16 доп салған.

Жаңа ойыншымызға қызыл-ақ жанұямызға қош келдің дей отырып, оған біздің клубпен бірге үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі