Уго Видемон: “Біз келесі маусымда бұдан да күшті болып ораламыз”

07.Nov.2022

“Ақтөбенің” француздық ойыншысы “Қайратпен” өткен матчтан соң өз ойымен бөлісті және жаңа маусымға арналған болжамын білдірді.

— Бүгін және жалпы маусым бойы команданың көрсеткен өнерін мақтан тұтамын. Ал мен болсам, келесі жылы биылғыдан да жақсырақ ойнап, “Ақтөбеге” пайдамды тигізуге тырысамын. Біздің жанкүйерлер елдегі үздік клубқа лайықты, себебі олар Қазақстанның ең үздік фанаттары екені сөзсіз. Мен бас бапкерді және ұжымды тамаша команда құра білгенімен құттықтағым келеді! Біз алдағы маусымда бұдан да күшті болып ораламыз.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі