“Ақ-қызылдар” Қарағанды қаласына аттанды.

28.Jun.2021

OLIMPBET-Чемпионатының 18 турында “Шахтер” командасымен кездесетін Вахид Масудов шәкірттері, әуелі Нұр-Сұлтан қаласына қонады. Түсе сала “ақ-қызылдар” автобуспен Қарағанды қаласына жол тартады. 

Естеріңізге сала кетейік, “Шахтер” командасына қарсы ойын ертең сағат 18:00-де (АҚТ) “Шахтер” стадионында өтеді. Тікелей эфир көрсетілімін “QAZSPORT” телеарнасынан көре аласыздар.

“Ақтөбе” футбол клубының баспасөз қызметі