Юрий Логвиненко «Ақтөбенің» спорт директоры болып тағайындалды
14.Sep.2023
«Ақтөбе» футбол клубы Директорлар кеңесінің шешімімен Юрий Анатольевич Логвиненко команданың спорттық директоры лауазымына қайта оралды.
«Ақ-қызылдардың» капитан аңызы, Қазақстанның сегіз дүркін чемпион-рекордсмены биыл да осы қызметті атқарған болатын.
Сондай-ақ талай жылдар бойы клубта еңбек еткен Ғайнижамал Ержанқызы Қанатбаева «Ақтөбе» футбол клубы басқарма төрағасының орынбасары және қаржы директоры болып қайта тағайындалды.
![](https://fc-aktobe.kz/wp-content/uploads/2023/09/T-CVxmf6vYo-копия-1-1024x676.jpg)