“Ақтөбе” Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде грузиялық “Торпедомен” ойнайды

22.Jul.2023

Жаңа еурокубок маусымындағы “Ақтөбенің” бірінші қарсыласы анықталды.

“Ақтөбе” Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен бастау алады. Турнирдің бұл кезеңінде ол грузиялық “Торпедомен” (Кутаиси) кездеседі. Алғашқы ойын 27 шілде күні Грузияда өтсе, қарымта матч 3 тамызда Қазақстанда өтпек.

“Торпедо” Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінен бастап, тартысқа толы бәсекеде “Сараево” клубынан басым түсті. Бірінші матч тең аяқталды — 2:2. Жауапты кездесуде босниялықтар 1:0 есебімен ұтып жатқан, алайда 90+1 минутта гол жіберіп алды. Пенальтиден әрі қарай “Торпедо” өтті.