“Ақтөбе” Конференция лигасының екінші кезеңінде Торпедо Кутаиси — Сараево жұбының жеңімпазымен кездеседі

21.Jun.2023

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша “Ақтөбенің” екі ықтимал қарсыласы анықталды.

УЕФА Конференция лигасының бірінші кезеңінде өзара бақ сынасатын грузиялық “Торпедо” (Кутаиси) мен босниялық “Сараево” жұбының жеңімпазы бізге қарсылас атанбақ.

КЛ екінші кезеңіндегі алғашқы матчты “Ақтөбе” 27 шілде күні сырт алаңда, ал қарымта кездесуді 3 тамыз күні өз алаңында өткізеді.