«Ақтөбе» Цицкишвилимен қош айтысты

04.Oct.2021

«Ақтөбе» футбол клубы грузиялық жартылай қорғаушы Заза Цицкишвилимен өзара келісім аясында еңбек шартын бұзысқанын ресми хабарлайды.

Хавбек шілде айында командамызға ауысып, клуб сапында ҚР Кубогінде бес кездесуге қатысты. Бұл ойындарда ойыншы нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.

«Ақтөбе» ФК Зазаға ақ-қызылдар қатарындағы өткізген уақыты үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына табыстар тілейді!

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі