“Ақтөбе” билет сататын онлайн-платформасын ауыстырды

25.Aug.2023

Бұл жайында “Ақтөбе” басқарма төрағасы Сергей Куленко хабарлады.

“Осыған дейін бірнеше рет өз алаңымызда өткен матч алдында ажиотаж орын алып, ZakazBiletov компаниясының жұмысына қатысты жанкүйерлер тарапынан шағымдар келіп түскен болатын. Сондай-ақ алыпсатарлармен күрес барысында да қиыншылықтарға тап келдік. Осы мәселелерді ескере отырып, онлайн-билет платформасын Ticketon компаниясына ауыстыру туралы шешім қабылдадық. 2017-2019 жылдары да “Ақтөбе” аталмыш ұйыммен сәтті жұмыс жүргізген. Ticketon қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасының және көптеген үлкен клубтардың билет сату қызметіне жауап береді”, – деді Сергей Петрович.

“Ақтөбе” футбол клубы 2021-2023 жылдар аралығында тығыз ынтымақтастықта болған ZakazBiletov.kz компаниясына алғыс білдіреді.