Андерсон Ньянгбо: «Алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын»

02.Jul.2023

Жеңіс голын салған ивуарлық ойыншымыз сырт алаңдағы сәтті текетірес туралы өз ойын білдірді.

— Құттықтап жатқандарыңызға рақмет! 1:1 есебімен аяқталған алдыңғы ойыннан соң біз қынжылып қалған едік. Сондықтан бізге жеңіс аса маңызды болды және, құдайға шүкір, біз ұттық. Мұндағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын. Әрі қарай жұмыс істей бермекпіз.