Андрей Карпович: «Конференция лигасының басталуын асыға күтеміз»

22.Jun.2023

«Ақтөбе» командасының бас бапкері УЕФА КЛ екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту қорытындысына қатысты пікір білдірді.

— Мүмкіндік әрқашан тең. Бұл жекелеген матчтар. Әрине, біз Конференция лигасының басталуын асыға күтеміз. Клуб еуропалық жарыстарға көптен бері қатыспады. Ол туралы бәрі біледі. 7 жылдан кейін біз еуроаренаға қайта ораламыз. Біз үшін бұл бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан қызықты әрі жауапты. Қарсыластарға келетін болсақ, жалғыз келеңсіз нәрсе, бәлкім, бізге кімнің қарсылас атанатынын әлі жүз пайыз білмейміз. «Торпедо Кутаиси» ма, әлде «Сараево» ма? Бұл стиль мен философия жағынан екі түрлі команда. Грузия командалары, бәрі білетіндей, техникасы жоғары және доппен жақсы ойнайды. Ал балқандықтар – «Сараево» – физикалық жағынан сөзсіз мықты және өте жақсы қозғалады, күрес көп болады. Олардың біліктілігі айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, олар еуропалық жарыстарды ақша табу мүмкіндігі ретінде қабылдайды. Бұл олар үшін өте үлкен мотивация. Тиісінше, олардың өзара текетіресіне сырттай қарау бізге қызық болады. Әрине, біз бүгіннен бастап ақпарат жинауды бастаймыз. Ол жақта өз адамдарымыз бар, олар бізге барлық ақпарды ұсынады. Грузия чемпионаты туралы да, Босния чемпионаты туралы да түсінік бар. Бірақ мұның бәрі жұмыс процесінде шешіледі. Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасы жақсы жұмыс пен дұрыс ұйымдастырудың арқасында ештеңеден тайсалмауды үйреткеніндей, жағымды трендті біз де жалғағымыз келеді. Бізге жүктелген міндеттерді орындау жолында жоғары нәтижелерге жетуге зор ынта мен жігер көмектеседі. Бірақ біз чемпионатты да ұмытпай, жұмысымызды жалғастырамыз. Жалпы, жеребеге баға беретін болсақ, қызық әрі қиын қарсыластар кездесті. Өйткені бұл деңгейде оңай әрі өтетін командалар жоқ.