Ардагерді туған күнімен құттықтап, шапан жаптық

20.Jun.2023

Бүгін Ақтөбе футболының ардагері Анатолий Ефимович Побирский 84 жасқа толып отыр.

“Ақтөбе” футбол клубының басқарма төрағасы Сергей Куленко тірі аңызды Орталық стадионымызда туған күнімен құттықтап, Әділхан Таңжарықов бастаған команда жігіттері Ефимычтың иығына шапан жапты.

Сый-құрметке разы болған ардагер клуб басшылығы мен ойыншыларына алғыс білдіріп, “түндегі Қазақстанның жеңісі туған күніме ерекше сыйлық болды, себебі онда біздің түлегіміз Абат Айымбетов гол соқты” деді де, ақ-қызылдарға еурокубок ойындары алдында өз батасын берді.

Артынша “Ақтөбе” бас бапкері Андрей Карпович сөз алып, туған күн иесін алдағы жексенбіде өтетін “Ақтөбе” — “Мақтаарал” матчына шақырды. Кездесу естелік суретке түсумен аяқталды.

Тағы да туған күніңізбен, Ефимыч!