Арман – бізбен бірге

12.Jan.2024

23 жастағы жартылай қорғаушы Арман Кеңесов “Ақтөбе” футбол клубымен 2024 жылдың аяғына дейін жаңа келісім-шартқа отырды.

Ойыншы 2022 жылғы маусымның басында ақ-қызылдар сапына ауысып, содан бері барлық турнирлерде 50-ден астам матч өткізді және 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ Арман “Ақтөбеде” жүріп алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасында дебют жасады.

Өткен маусымда Қазақстан чемпионатындағы “Ақтөбенің” үздік сұрмергені атанды.