Арман Кеңесов: «Конференция лигасы? Әзірше ойымыз “Қайсар” жайлы»

17.Jul.2023

Кеншілер қақпасына жеңіс голын соққан хавбек еурокубок ойындарына дейін әлі бір ойын бар екенін еске салды.

— Аллаға шүкір, бүгін жеңіске жеттік. Өте қиын ойын болды. Бірақ біз өзімізді жақсы жағынан көрсеттік. Ойын қалай өрбісе де, ең бастысы, үш ұпай олжаладық. Конференция лигасы? Әзірше ойымыз “Қайсар” жайлы. Алдағы сенбі күні өтетін ойынға дайындық жүргіземіз. Қалғанын кейін ойлай жатармыз. Бізді қолдаудан жалықпаңыздар! Алға, Ақтөбе!