Арман Кеңесов: «Пармада да “Зига-заганы” есту сондай жақсы»

17.Jun.2023

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы іріктеу матчында дебют жасаған жартылай қорғаушымыз өз әсерін жасыра алмады.

— Әлһамдүлиллаһ, дебютім ойдағыдай өтті. Әрине, қобалжу болды. Бірақ алаңға шыққан кезде-ақ толқыныс бірден басылды. Жеңіске жеткенімізге екі есе қуаныштымын. Иә, доп соғатын да мүмкіндіктерім болды, бірақ қазіргі таңда Жаратқанның бұйырғаны осы болар. Нәтижелі пас бергеніме шүкір етемін. Пармадағы атмосфера топ болды, үйде ойнап жатқандай болдық. “Зига-заганы” әр жерден есту сондай жақсы.