«Ақтөбенің» алғашқы шетелдік жиыны 8 қаңтарда басталады

03.Jan.2024

Ақ-қызылдар жаңа маусымға дайындық барысындағы оқу-жаттығу жиынын бастағалы отыр.

Дмитрий Парфенов шәкірттері 8-28 қаңтар аралығында келер маусымға даярлығын Түркияда өткізбек.

Анталиядағы (Белек) ОЖЖ аясында ақтөбеліктер бірнеше бақылау матчын ойнайды. Қарсыластар нақтыланған кезде қосымша хабарланатын болады.