”Ақтөбе” жастары негізгі командамен келісім-шартқа отырды

23.Jan.2024

Жартылай қорғаушылар Аян Байдәулетов, Әлішер Кенжеғұлов пен орталық қорғаушы Рүстем Габдрахманов “Ақтөбе” футбол клубымен келісім-шарт жасасты.

Сондай-ақ QJ League турнирінде жарқ еткен жасөспірімдеріміз Саятхан Құсайынов, Мирам Кикбаев және Мирас Уманиязовтар негізгі командамен келісімге келді.

Еске сала кетейік, ақ-қызылдардың Белектегі алғашқы оқу-жаттығу жиыны 8 қаңтар күні басталып, 28 қаңтарға дейін жалғасады.