«Ақтөбе» футбол клубы “Жыл үздігі” деп танылды

03.Jan.2024

Дәл осындай атақпен клубтың аңызы Юрий Логвиненконы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров марапаттады.

2023 жылы еңбегімен еленген жандар мен ұйымдар бүгін айрықша зейінге ие болды.

Ақтөбедегі «Жекпе-жек» спорт кешенінде «Алтын бесік – 2023» салтанатты шарасы өтті. Өңір басшысы құттықтау сөзінде әлемдегі аса күрделі ахуалға қарамастан, облыстың биыл қол жеткізген оң нәтижелерін тілге тиек етті. Келер жылдан күтер үміт көп.

Жылдың үздік командасы деп танылған “Ақтөбе” футбол клубының шынайы жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз!