“Ақтөбе-2012” Ресейдегі Қазан Кубогін жеңді.

08.Jun.2023

Татарстан астанасы Қазан қаласында 2012 жылы туған жасөспірімдер арасында 6-8 маусым аралығында өткен турнирде ақтөбеліктер жеңімпаз болып шықты.

Қуанышбек Орынтаев шәкірттері А тобында «СШ №3 им. Ярцева» (Кострома) командасымен тең ойнап, самаралық «Финист» клубын 3:0 есебімен және уфалық «Динамо-Джуниорды» 8:0 есебімен жеңді.

Плей-оффта «Надежда» (Серпухов) командасын 4:0 есебімен тізе бүктіріп, финалдағы ақтөбелік дербиде «Zhastar» командасынан 2:0 есебімен басым түстік.

Осылайша, бес ойында бірде-бір рет жеңілмеген, оның үстіне ешбір гол жібермеген «Ақтөбе-U11» командасы «Қазан Кубогінің» жеңімпазы атанды. «Ақтөбе» ойыншысы Сабыржан Ахмад үздік деп танылды.

Құттықтаймыз!