«Ақтөбе-2012» — Юдин атындағы республикалық турнирдің жеңімпазы

19.Jun.2023

Қаламызда Николай Николаевич Юдинді еске алуға арналған республикалық жарыс өткізілді.

2012 жылға дейінгі балалардың турниріне екі бірдей құрамын қатыстырған Қуанышбек Орынтаевтың қос командасы да финалға шығып, бас бапкердің көңілі марқайды.

С тобынан сенімді шыққан бірінші команда облыстық спорт мектебін (№1 ОБЖОРСМ) жартылай финалда жеңсе, В тобын бастап шыққан екінші команда Zhastar FC клубын ұтты.

Сөйтіп ақтық ойында “Ақтөбе-2012” өрендері “Ақтөбе-2” жасөспірімдерін қапы қалдырып, жеңімпаз атанды. Алтын және күміс алқа тағынған жастарымыздың сапынан Дамир Әйтенов (Үздік шабуылшы) пен Мансұр Нұрмұхаметов (Үздік қорғаушы) номинациялармен марапатталды.