«Мақтааралмен» өз алаңымызда өтетін матчтың билеттері ертең сатылымға шығады

21.Jun.2023

Жексенбі күні Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 13-туры аясында «Ақтөбе» футбол клубы өз стадионында түркістандық «Мақтааралмен» күш сынасады.

Ойын Орталық стадионда өтеді. Билеттерді ертең таңнан бастап тек ZakazBiletov сайтынан ғана сатып ала аласыздар. Ескерту: қағаз билеттер кассаға шықпайды.

Орталық секторларға (3, 4, 16, 17) билет құны 2000 теңгеге дейін көтерілді.

«Ақтөбе» — «Мақтаарал» матчы 25 маусым күні сағ. 19:00-де басталады.