«Сепсимен» өз алаңымызда өтетін матчтың билеттері ертең сатылымға шығады

14.Aug.2023

Бейсенбі күні УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» футбол клубы өз стадионында румыниялық «Сепсимен» күш сынасады.

Ойын Орталық стадионда өтеді. Билеттерді ертең тек ZakazBiletov сайтынан ғана сатып ала аласыздар. Ескерту: қағаз билеттер кассаға шықпайды.

Еурокубок ойындарына билет құны төмендегідей:
VIP — 15 000 тг;
3, 4, 16, 17 — 5 000 тг;
2, 5, 15, 18 — 3 000 тг;
1, 6, 14, 19 — 2 000 тг;
Қалған секторларға — 1000 тг.

«Ақтөбе» — «Сепси» матчы 17 тамыз күні сағ. 21:00-де басталады.