Болат Мажағұлов “Ақтөбе” ФК Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды

25.Nov.2022

“Ақтөбе” футбол клубы Директорлар кеңесінің кезекті отырысында жаңа төраға тағайындалды.

Болат Бауыржанұлы Мажағұлов бұған дейін Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарған.

Жаңа төраға Директорлар кеңесіне мүше және тәуелсіз директор ретінде “13 сектор” жанкүйерлер қозғалысының өкілі Фархат Имашевті қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ отырыс аясында өткен маусым қорытындыланып, клубтың келер жылдағы бюджеті мен басқа да маңызды мәселелер талқыға салынды.

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі