Назар аударыңыздар!

14.Oct.2021

Алматылық «Қайратпен» өтетін ойынға арналған билеттер сатылымы ертең сағ. 10:00-де басталады.

Билетті онлайн түрде Zakazbiletov сайтынан сатып ала аласыздар. Орталық стадион кассалары тек матч күні ғана жасайтын болады. 15, 16, 17, 18, 3, 4 секторларына билеттерді кассадан сатып алуға болады.

ЕСКЕРТУ: Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты трибуналарымыздың тек 70%-ына ғана жанкүйерлер кіргізіледі. Және де ASHYQ қосымшасы бойынша мәртебеңіз «жасыл» болуы шарт. Басқа түсті көрсеткен жағдайда, көрермен стадионға кіре алмайды және билет құны қайтарылмайды.

«Ақтөбе» — «Қайрат» матчы 16 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі