Жанкүйерлердің назарына

03.Aug.2023

Құрметті “Ақтөбе” футбол клубының жанкүйерлері, бүгін өткелі тұрған “Ақтөбе” — “Торпедо” матчында төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

— стадионға кіру кезінде бақылаушыларға билетіңізді көрсетіп, өз орныңызға өтіңіз;
— стадионда қызмет көрсететін тәртіп сақшыларына және басқа да күштік құрылым қызметкерлеріне кедергі келтірмеңіз;
— қоғамдық тәртіпті сақтаңыз және ойын барысында белгіленген ережелерді бұзбаңыз;
— өзіңізбен бірге стадионға алкогольдік және есірткі заттарын, қару және жарылғыш зат алып кірмеңіз;
— күдікті нысандарды, өрт ошағын немесе түтіннің пайда болуын көрсеңіз, бірден бақылау және күзет қызметкерлеріне хабарлаңыз;
— стадион мүлкіне ұқыпты ұстап, орындықтарды қиратпаңыз;
— қоқыс тастамаңыз және зиянды қалдықтарды өзіңізбен бірге алып шығыңыз;
— ойыншыларды және матчтың ресми өкілдерін балағаттамаңыз;
— алаңға ешқандай зат (бөтелке, стақан т.б.) лақтырмаңыз;
— төтенше жағдай кезінде дүрлікпей әрекет етіп, эвакуациялау жоспарын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

Еске сала кетейік, “Ақтөбе” — “Торпедо” матчы бүгін 21:00-де басталады. Жанкүйерлер 19:00-ден бастап Орталық стадионға кіргізіле бастайды.