Әлішер Кенжеғұловтың голы шілде айында үздік атанды

12.Jul.2023

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» жастар командасының жартылай қорғаушысы Әлішер Кенжеғұловтың UBET-Бірінші Лиганың 13 турында «Арыс» қақпасына соғылған голы маусым шілде айының үздігі атанды. Аталмыш нәтижелі соққы үшін респонденттердің 25,36% өз дауыстарын берді.

Естеріңізге сала кетейік, сауалнамада тек қазақстандық IP-мекен-жайы бар жанкүйерлердің дауыстары ескерілді.