Ислам Аманғали – шілде айында соғылған үздік голдың авторы

15.Aug.2023

Жанкүйерлердің таңдауына өткен айда OLIMPBET-Чемпионаты мен UBET-Бірінші Лигасының ойындары аясында соғылған 10 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша UBET-Бірінші Лиганың 14-турында «Қайрат-Жастар» командасының қақпасына соғылған «Ақтөбе» жастар командасының жартылай қорғаушысы Ислам Аманғалидің голы үздік гол болып танылды. Аталмыш гол айып добынан соғылып, «Ақтөбе» командасына үш ұпай алып келді.

Осы нәтижелі соққы үшін респонденттердің 55,66%-ы өз дауыстарын берді.

Естеріңізге сала кетейік, сауалнамада тек қазақстандық IP-мекен-жайы бар жанкүйерлердің дауыстары ескерілген.