Карповичтің екі көмекшісі бапкерлік штабқа енді

06.May.2022

«Ақтөбе» футбол клубының жаңа бас бапкері Андрей Карповичтің бапкерлік штабына екі маман келіп қосылды.

Бапкерлік құрамға енді:
Колодин Денис Алексеевич — бас бапкердің көмекшісі;
Глушков Борис Викторович — бас бапкердің көмекшісі.

Борис Глушков өз кезінде семейлік «Елімай» клубында доп тепкен белді қорғаушы болса, Денис Колодин Ресей құрамасының негізгі футболшысы ретінде 2008 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.

Қос бапкер де Карповичпен бірге петропавлдық «Қызыл-Жар» сапында қызмет еткен.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі