Дмитрий Бессмертный — “Ақтөбе” ойыншысы

06.Aug.2023

“Ақтөбе” футбол клубы беларусьтік футболшымен ресми толықты.

26 жастағы Бессмертный қорғаныстың да, жартылай қорғаныстың да оң қапталында ойнай біледі. Ол бізге дейін өз отанындағы «Минск» және БАТЭ футбол клубтарының намысын қорғаған.

Аталмыш ұжымдар қатарында 20-ға жуық гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Біздің клубта Дмитрий 3-нөмірде өнер көрсетпек және бүгінгі матчта оның дебютін көріп қалуымыз мүмкін.

«Ақтөбе» отбасына қош келдің, Дима!