Дмитрий Столбиков – “Ақтөбе” бас бапкерінің көмекшісі

20.Jan.2024

44 жастағы ресейлік бапкер Дмитрий Парфеновтың екінші көмекшісі болып тағайындалғанын ресми хабарлаймыз.

Дмитрий Геннадьевич жаттықтырушы ретінде Ресейдің “Урал” және “Краснодар” сынды клубтарында еңбек еткен.

“Ақтөбенің” бапкерлік штабында Столбиков команданың тактикалық талдауына жауап бермек. Еске сала кетейік, бұған дейін Юрий Ковтун да бас бапкердің көмекшісі болып тағайындалған болатын.