Дмитрий Шомко: «Соғылмаған голдарды “Торпедоға” қалдырдық»

23.Jul.2023

«Ақтөбенің» қорғаушысы Дмитрий Шомко Премьер-лиганың 16-туры аясындағы «Қайсарға» (2:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді.

— Барлық жанкүйерлерге рақмет! Бүгін әдеттегідей керемет атмосфера болды. Біз жанкүйерлерді қуантқымыз келді. Иә, өкінішке қарай, 1:0, бірақ бұл үш ұпай. Біз жалғастырамыз. Соғылмаған голдарды “Торпедоға” қалдырдық деп үміттенеміз. Құдай солай болуын нәсіп етсін. Негізінде біз Қайсарға дайындалдық, олардың қалай ойнайтынын, күшті және осал тұстары қай жерде екенін білдік. Біз бүгін сәттерді голға айналдыруға тырыстық, бірақ, өкінішке қарай, бір ғана гол соқтық.

— Сараево мен Кутаисидің «Торпедосы» арасындағы кездесуді көрдіңіз бе? Қарсыласымызды қалай бағалайсыз?

— Енді біз “Торпедоға” егжей-тегжейлі дайындаламыз. Барлығы олардың матчын үйден тамашалады деп ойлаймын. Біз “Торпедоның” қалай ойнайтынын шамамен түсінеміз. Жаттықтырушылар штабы бізге қарсылас туралы толық мәлімет береді. Енді келесі ойынға дайындаламыз.