Ернар Жалбыров: «Дер кезінде қажетті голымызды соғып, жеңіске жеттік»

08.Jul.2023

“Ақтөбе” жастар командасының аға бапкері алматылық “Қайрат-Жастарын” жеңгеннен кейін (1:0) сөз алды.

— Өз жігіттерімді және жанкүйерлерді бұл лайықты жеңіспен құттықтағым келеді. Ойынға келетін болсақ, шәкірттеріме сырт алаңда, оның үстіне бітіспес қарсыласқа қарсы матч өткізетінімізді айтып түсіндірдік. Қателеспесем, соңғы бес жылда біз Алматы жерінде “Қайратты” ұтпаған едік. Ойынға қойылған міндет біреу болған – жеңіп, үш ұпай олжалау. Бірінші таймда ауа райының қолайсыздығына (жаңбырға) байланысты көбінесе қорғаныста ойнасақ, екінші таймда алаңға бой үйретіп, қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдар жасай бастадық. Дер кезінде қажетті голымызды соғып, жеңіске жеттік. Енді өз алаңымыздағы “Ақжайыққа” қарсы ойынға дайындаламыз.