Ернар Жалбыров: “Жігіттерім лайықты өнер көрсетті”

14.Jul.2023

«Ақтөбе» жастар командасының аға бапкері оралдық “Ақжайыққа” қарсы өткен кездесуге баға берді.

— Бірінші лига көшбасшыларының бірімен ойнадық. Жігіттерім лайықты өнер көрсетті. Өз мүмкіндіктерімізді сала алмадық, өкінішке қарай, және ыңғайсыз гол жіберіп алдық. Сен соқпасаң, саған соғады. Соңына дейін ойнап, қорықпай талас жүргізген ойыншыларыма алғыс айтқым келеді. Олар мінез танытты. Қарсылас өте тәжірибелі команда. Иә, маусым басында екі жеңістен кейін біршама дағдарысқа түсіп кетсек те, кейін жағдайды түзей алдық. Жастарымыз ересектер деңгейінде ойнауды үйрене бастады деуге болатын шығар. Ойыннан-ойынға тәжірибе жинап, талдау жасап, мықты бола түстік.