Ақтөбе – Сепси матчында дрон ұшыруға тыйым салынады

17.Aug.2023

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары! Бүгін кешкі сағат 21.00-де Ақтөбе қаласының Орталық стадионында УЕФА Конференция лигасы аясында «Ақтөбе» футбол клубы мен Румынияның “Сепси” командасы арасында футбол матчы өтеді.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті сіздерден футбол матчы кезінде стадион аумағында (атап айтқанда үстінде) ұшқышсыз жеке дрон аппаратын қолданбауды сұрайды.

Себебі УЕФА футбол қауымдастығынының талаптарына сәйкес ойын кезінде рұқсат етілмеген заттарды, оның ішінде дронды қолдануға тыйым салынады.

Қолданылған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан тиісті шаралар қабылданатыны туралы ескертеміз.