Игорь Губанов “Ақтөбе” ФК жаңа ойыншысы атанды!

10.Jun.2021

Игорь ресейдің «Ростов» футбол мектебін бітірген. 2016/17 жылғы маусымда “Зенит-Ижевск” клубының құрамында “Урал-Приволжье” тобында күміс жүлдегер атанды. Бір жылдан кейін” “Чайка” футбол клубымен ПФЛ лигасының “Оңтүстік” тобында қола жүлдеге ие болды. 2020 жылғы маусымда Игорь Петропавлдың “Қызылжар” командасында өткізді.

Қош келдің Игорь! “Ақ-қызылдармен” жеңісті күндерің көп болсын!

“Ақтөбе” ФК баспасөз қызметі.